" Ана тілім-айбыным"
№13 орта мектеп кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай, «Ана тілім- айбыным» әдеби калейдоскоп өткізілді. Кітапханашы мемлекеттік тіл- қазақ тілі болып бекітілгені, Қазақстан Республикасының « Тіл туралы заңы» күшіне енгені туралы , егеменді еліміздің тұғыры қашанда биік екендігін , қай ұлттың болсада өзіне тән, өзі қадір тұтатын ана тілі бар екенін тілге тиек етті. Нұржауова Аийда 7сынып оқушыларына «Мақал –мәтел жалғасын тап...» ойнын, интерактив тақтадан ұяшық таңдау арқылы, сұрақ жауап ойнын және «Әсем әуен» әннің музыкасын тыңдау арқылы әннің атын табу «Ұшқыр ой мен шешен тіл» Интелектуалды ойындары өте әсерлі өткізді. Мақсаты: Ойындар арқылы баланың ойлау қабілеті жылдамдығын дағдыландыру, ойлау қабілетін арттыру, білімін шыңдау.