2020-2021 оқу жылындағы №13 орта мектепте оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы Анықтама » №13 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№13 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 307-38-23
Есепші бөлімі:
+7(7277) 307-38-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2020-2021 оқу жылындағы №13 орта мектепте оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы Анықтама
25
март
2021

2020-2021 оқу жылындағы №13 орта мектепте оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы Анықтама

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету елдегі карантин жағдайына байланысты оқушылардың қашықтықтан оқуына байланысты 2021 жылдың ақпан айынан ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының 30 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28тамызда қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» №812 Қаулысын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру мен мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау сондай –ақ Талғар аудандық білім бөлімінің 2021 жылдың 1-ақпанындағы №15-Н «а» «Аудан мектептерінде оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру» туралы, «Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№13 жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі» 2021 жылғы 01-ақпанындағы № –Ө бұйрығын негізге ала отырып, 2020-2021 оқу жылының ақпан айында әлеуметтік жағдайы төмен, жартылай жетім, аз қамтылған отбасы балалары мектеп асханасынан тегін ыстық тамақ ішеді.
Сынып жетекшілер сыныптағы оқушылардың отбасылық материалдық тұрмыстық жағдайын тексеру жұмыстарын жүргізу мақсатында рейд жасап, акт толтырды. Оқушылардың құжаттары жинақталып, өтініштерін аудандық білім бөлімінің басшысы бекітті. Мектеп асханасынан берілетін ыстық тамақтың сапасын, мөлшерін, оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалау мақсатында мектепішілік әкімшілік мүшелерінен, сынып жетекшілерден, ата-аналардан комиссия құрылып бұйрық шығарылды.
Арнайы аудандық СЭС бекіткен 2 апталық ас мәзірі бойынша тамақ дайындалып, күнделікті оқушылар кесте бойынша барып ішті. 1-сынып 9 күн 30 бала, 2-3сыныптар 12 күн 36 бала, 9-11 сынып 20 күн 38 бала жалпы 104 бала 418132тг көлемінде оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Күнделікті ас мәзірінде көрсетілген тамақ құрамының нормасы өлшеніп, бекітіліп отырады.
Ақпан айында арнайы бекітілген комиссия мүшелер асхана тазалығы, тамақтың дайындалу сапасы, сатылымдағы тағамдардың дайындалу сапасы, оқушылардың уақытылы келіп тамақтануы т.б. бақылау жасап акт толтырды. Әкімшілік мүшелері Күзенбаева Гульдана, Бағыбай Бекзат, сынып жетекшілерден Слямова Гауһар мен Сандыбаева Ментай асхана жұмысына тексеру жүргізіп, акт толтырылды. Тексеріс барысында ешқандай кемшілік байқалмады. Сынып жетекшілерге тегін тамақ ішетін оқушыларды дәл уақытында жіберіп отырулары ескертілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив