«Парасыз болашаққа. Бірге!» » №13 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№13 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 307-38-23
Есепші бөлімі:
+7(7277) 307-38-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Парасыз болашаққа. Бірге!»
05
май
2017

«Парасыз болашаққа. Бірге!»

«Парасыз болашаққа. Бірге!»

 

2017 жылдың 5-ші мамыр күні Тұздыбастау ауылына қарасты №13 орта мектеп ғимаратында  ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы мен «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы  насихаттау форумы өтті.

 Жиынға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы  облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев

2.Талғар ауданының әкімі  Садыкова Райхан Нұрмырзақызы

3. Талғар аудандық маслихат депутаты, Тұздыбастау бастауыш  партия ұйымының төрағасы Дүйсебаев Мұхит Маратұлы .

4. Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі Турлашев Әмірхан Ләззатұлы

5.Тұздыбастау ауылдық ақсақалдар алқасының мүшесі Мұсаханов Бектеміс қатысты.

Сонымен қатар, қоғамдық кеңестің мүшелері,қоғамдық ұйымдардың  өкілдері, жастар, БАҚ өкілдері, Тұздыбастау ауылының тұрғындары қатысты.

 

«Парасыз болашаққа. Бірге!»

 

Тұрғындармен кездесуде Талғар ауданының әкімі  Садыкова Райхан Нұрмырзақызы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласында «Күн санап  өзгеріп жатқан дүбірлі дүниедегі сана сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған, таптаурын қағидалардан арылмасақ, көшбасындағы елдермен терезелерімізді теңеп, иық теңестіру мүмкін еместігін» атап айтқандығына тоқталды.. Биылғы «Қазақстанның  үшінші жаңғыруы-  жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында  осындай таптаурын болған әдеттің бірі «Сыбайлас жемқорлық» екендігін, оның деңгейін төмендетіп, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғы шарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігін тапсырған болатын. Осы тапсырмалар аясында ауданымызда «сыбайлас жемқорлықпен күрес» бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Осы дерттің алдын алу мақсатында кешенді іс- шаралар жүзеге асуда. Дегенмен, нәтиже болу үшін әр адам өз-өзін тәрбиелеу керектігін атап кетті.

   Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы  облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев, ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы  насихаттау жұмысын

жүргізу мақсатында,  әр ауданда осындай кездесулер өткізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар өзіне қарасты мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың факторларын болдырмау шараларын алдын алу, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын мүлтіксіз орындап, заң бұзушылықтарға жол бермеу қатаң бақылауда. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу жан-жақты жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Келесі сөйлеушілер,Талғар аудандық маслихат депутаты, Тұздыбастау бастауыш  партия ұйымының төрағасы Дүйсебаев Мұхит Маратұлы мен  Тұздыбастау ауылдық ақсақалдар алқасының мүшесі Мұсаханов Бектеміс, №31 орта мектептің тарих  пәнінің мұғалімі Даутова Ботакөз де өздері тарапынан  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтып кетті.

Форум №13 мектеп оқушыларының өнерімен жалғасты.

<!-- [if !supportLists] --> ·      <!-- [endif] --> Мектептің  озат, белсенді оқушысы Ақынбек Елзаттың   Балбырауын күйін орындады

<!-- [if !supportLists] --> ·      <!-- [endif] --> Халықаралық Республикалық байқауларының жеңімпазы 6 сынып оқушысы Елеуова Биханымның орындадауында Ғазиза Жұбанованың«Күй» шығармасын орындалды.

<!-- [if !supportLists] --> ·      <!-- [endif] --> Аудан көлемінде өткен М.Мақатаев оқуларына қатысып жүлделі орынға ие болып жүрген 10  сынып оқушысы Оралхан Ақниеттің орындауында «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмадан  үзінді.

<!-- [if !supportLists] --> ·      <!-- [endif] --> Мектебіміздегі «Жас ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінің  «Алға Қазақстан!» биімен форум қорытылды.

                        «Парасыз болашаққа. Бірге!»              

 

Похожие публикации:

18 февраль 2017 Мектеп ұжымы
08 апрель 2017 мектеп туралы