мерейлі мектеп » №13 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№13 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 307-38-23
Есепші бөлімі:
+7(7277) 307-38-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2017

мерейлі мектеп


 Мерейлі мектеп жетістігі.

 

«Бүгінгі күн-кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы»,-дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында.

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалуда.

Н.Ә.Назарбаев: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп тұжырымдайды. Орта мектепте  қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.


    2014 – 2015 оқу жылында Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Халыққа Жолдауында баса назар аударылған үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында Тұздыбастау ауылындағы №13 орта мектебі  ашылды.

     Мектеп ашылғанына үш жыл аралығында  жетістігі ұшан-теңіз. Білім ордамыздағы ойы озық, шығармашылығы шырқау, ізденісі ілгері ұстаздары білім бәсекелерінде бірнеше мәрте белсенділік танытудан танған емес. Білім берудің қай түрі болмасын –тәрбие.                      

    «Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ халқымыз бекер айтпаған.Мектеп- адам өмірінің алтын бесігі, ұрпақты өмірге үйрететін,ойын қалыптастыратың шеберхана. Алғашқы айлардың өзінде-ақ білім баспалдағына нық қадаммен көтерілген білім ордасы қандай үлгідегі сайыс болса да, қатарынан қалыс қалмауды мақсат еткен. Жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, ынтымақ пен бірлікке баулуда сыныптан тыс шаралардың орны ерекше екені баршамызға аян.Осы бағытта мектебімізде айтарлықтай игі шаралар атқарылуда.  

Мұғалім кәсіби шығармашылық деңгейге өзінің жаңашылдығы,    оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, оны күнделікті әрекетте қолдану жаңашылдыққа жақындатары сөзсіз.Терең танымымен, тынымсыз тірлігімен тың серпіліс танытып жүрген,үлгілі ұстаз Байгозиева Нұргүл  2016-2017оқу жылында «Ыбырай Алтынсарин   атындағы медалінің» иегері атанды.  

   «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған  «Жаңартылған бағдарлама негізі-оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге бағыттау» атты аймақтық дөңгелек үстелде көрсеткен шығармашылық жетістіктері үшін  бастауыш сынып мұғалімі Бестаева Ақманат мадақтамаға ие болды.

    Түркі халықтары бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Табиғатты аялайық адамзат» атты мектеп оқушыларының халықаралық шығармалар байқауына дарынды оқушы дайындағаны үшін, 3 «б»сынып жетекшісі Г.Ендеева алғыс хатпен,оқушысы Нүсіпжан Ботакөз I-орын алған үшін дипломмен марапатталды.

   Республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік бақытым» атты республикалық бәйгеге қатысып, II-орынды Бөтакөз Нүсіпжан иеленді.Жеңімпаз, дарынды оқушыны дайындағаны үшін сынып жеткшісі Г.Ендеева алғыс хатпен марапатталды.

      Мектебіміздің оқушылары «Абай», «Махамбет», «Мұқағали», «Ілияс» оқуларына қатысып,өз бақтарын сынап,марапаттарға ие болды.   2«а» сынып оқушысы Кемелжан Назифа IX Республикалық «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың өлеңдерін оқудан және өлеңіне жазылған әндерден балалар  арасындағы байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша бас жүлдені алса, «Алаштың алтын дауысы» Республикалық жас дикторлар және әншілер байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.  «Мәңгі жас Алматыға-1000жыл» атты республикалық ән-би байқауында «Көркем сөз» номинациясын иеленді. Назифа «Dara bala» халықаралық байқауда І-орынды алды.Ұстазы  Ш.Қаленова алғыс хатпен марапатталды.

  3-дәрежелі дипломмен Нұрділда Алинұр лауреат атанды. Аудандық«Ілияс Жансүгіров оқулары» атты  байқауға қатысып,көркем сөз шеберлігі мен ғылыми көзқарастарын және ой- талғамдарын жеткізіп белсене араласқаны үшін 5 «ә» сынып оқушысы Қонай Сағыныш марапатталды. 7«ә»сынып оқушысы Осман Хасан «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында ІІ-орын, «Тіл-татулық тірегі» атты Облыстық олимпиадада дипломмен марапатталып өзінің білім деңгейін көрсетті.

 Осындай жетістіктерге жеткен аудандық «Дарын» ғылыми жобасына қазақ тілі  пәнінен қатысы ІІ-орынды 9 «в» сынып оқушысы Дүйсен Камшат иеленді. (ұстазы-Э.Молдашева)

 Талғар аудандық ғылыми-зерттеу «Зерде» жобасына қатысқан 2«в» сынып (сын.жетекшісі Ж.Әжібай),оқушылары Қанатбек Лаура,  Ержанұлы Әлихан І-ІІ жүлделі орынды иеленді.Тәуелсіз Қазақстанның  25-жылдығына орай «Независимость глазами детей» қалалық балалар сурет  конкурсына қатысқаны үшін  2«в»сынып оқушысы Нұрахан Елжан  сертификат алды.

Ғылыми жетекші Ж.Тогумбетованың оқушысы А.Аманжолова Өрлеу БҒМ-технология порталынан«Жас ғалым» номинациясына ие болса,  аудандық «Дарын» ғылыми жобасында ІІ-орынды жеңіп алды.

 Ұстаздардың шығармашылығын шыңдау мақсатында өткізілген аудандық

 «Үздік  ағылшын пәні мұғалімі - 2017» жүлделі  ағылшын тілі пәні мұғалімі  Сатыбалдиева Ажар   жаңашылдығымен ерекшеленіп, І орынға ие болды.


мерейлі мектеп

 

 

 

  Бастауыш сынып мұғалімі Болатбаева Гулнара Аудандық «Педагогикалық дебют-2017» байқауының 1-орын иегері болды.

   Талғар аудандық «Үздік жыл психологі-2017» байқауынан «Шебер психолог» номинациясын  Г.Әбдікерімова жеңіп алды. Бастауыш сынып мұғалімі Бейбитова Мақпал  Аудандық  «Үздік сынып жетекші-2017» байқауының  «Шебер сынып жетекшісі»  номинациясының иегері атанды.

мерейлі мектеп

 

 


 

 

 Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2017» байқауына қатысқан Солтанбекова Жазира II-орынды иеленді.

 

мерейлі мектеп

 


Ұстаз қыз-келіншектер арасында 8-наурыз Аналар мерекесіне байланысты спорттық эстафеталық  жарыс бірлестіктер арасында өтті. Сайыстың мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға баулу, әр түрлі спорттық-эстафеталық ойын түрлері арқылы икемділіктері мен шапшаңдық қабілеттерін дамыту,ойынға қатысқан пән   мұғалімдері  марапатталды. 

 

мерейлі мектеп

 

 

         Қазіргі кезде мұғалім мамандығының орны мен оған жүктелетін міндеттің маңызды екендігі белгілі. Қалаған  мамандығында тұрақтанып еңбек етіп, одан  шығармашылық шабыт алатындай күйге жету - әр жас маманның негізгі қағидасы болатындай жағдай жасап, жас маманға қолдау көрсету- мектеп әкімшілігінің тікелей міндеті.

 Мектеп кітапханасында жас мамандар Б.Даутова,С.Тұрсынәлі,М.Өмірбек,  А.Шарғыновалардың ұйымдастыруымен «ХХІ-ғасыр көшбасшысы»

интеллектуальдық білім  сайысы   8-9-10 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.  Шара барысында оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге, ой-өрісін,тілін, ойлау қабілетін дамытуға, шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеуге баулыды.

«Қыз өссе-елдің көркі» деп бабаларымыз айтқан өнегелі сөздің астарында халқымыздың қыз баласын сұлулық пен нәзіктікке балайтынын байқауға болады. «Көктем аруы-2017» қатысушы  әсем қыздар сұрақ-жауап кезеңінде қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына қатысты танымдық сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге ас мәзірі, әртістік қабілетін байқау және сән үлгісі шарттары бойынша сынға түсіп, бар өнерлерін ортаға салған мектеп қыздары жарады, өздерінің барлық жақсы жақтары мен өнерлерін көрсетіп «ару» деген атқа лайық екендерін тағы бір дәлелдеді.

 

мерейлі мектеп

  

   « Жігіт сұлтаны»-2017» байқауы 5-10 сынып оқушылары арасында өтті. Оқушылардың  қоғамдағы белсенді ұстанымын қалыптастыруға, өнер, білімдерін көрсету арқылы, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған сайыста  өзіндік ойын, тарихи танымын, өз өлкесінің тәуелсіздік жылдарда  жеткен жетістіктерін, шығармашылық тұрғыда көрсетіп, халқымыздың сан ғасырлық  әдет - ғұрыпын, салт - дәстүріне құрмет көрсетуге бағытталды.

Ұлыстың Ұлы күніне байланысты 5 «а,ә,б,в,г» сынып оқушыларымен өткізілген «Қош келдің ,Әз Наурыз!» атты кеш оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарымызды  сіңіру болатын. Әже көрсеткен қазақ халқының «Шашу, шашу», «Аластау», «Бесікке салу», бесік жыры, «Тұсау кесу» рәсімдері арқылы жас жеткіншектерге салт-дәстүрлерді көрсетуге тырысты.  Оқушылар мерекелік шарада қазақтың ұлттық киімдерін киіп, сахнаның көркін жандырып,  өз өнерлерін көрсетсе, бір топ оқушы қазақтың ұлттық ойынын «Арқан тарту», «Асық атуды»,ойнатты. Қызыр ата батасы, ұлттық салт –дәстүр бойынша көріністер, «Наурыз көже» ырымдары көрсетілді. Мерекелік кеш соңы ән-жырға, 60 оқушы қатысқан «Қаражорға » биі орындалды.


 

мерейлі мектеп

 


 

   Сәуір айының 15- ші жұлдызы ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі  мерекеге арқау болған « Қозы Көрпеш» - «Баян Сұлудың» махаббатына арналған мектептің 8-11- сыныптары арасында «Бозбала мен бойжеткен» атты мерекелік шара өтті. Бұл байқаудың  басты мақсаты-оқушылар бойына ұлттық   тәрбие құндылықтарын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту, жастардың жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына, рухани және жеке кемелденуіне, жәрдемдесу, салауатты өмір салтын, табиғи сұлулықты насихаттау .  

        Шаңырағымызда  ұйымдастырылған «Қаражорға» би-сайысының тәрбиелік мәні зор, алдағы уақыттарда да жалғасын табады деген ойдамыз. Оқушыларды көркемдік деңгейін, дарынды, талантты өнерлі жастардың танылуына мүмкіндік жасауды көздеген бұл сайыс жоғары деңгейде өтті. Сайыста 1 «а,б,в,г,д,е,з» оқушылары  мың бұралған әсем билерін ортаға салды.

Қазақстан халықтары бірлігі күніне 6-«а,ә,б» сынып оқушыларының қойған ашық  Гала-концерті оқушылар мен ұстаздар, ата-аналардың көңілінен шықты.  Оқушыларымыз белсенділік танытып, өнердің биік шыңынан көріне білді.  Бірлігі, ынтымағы жарасқан,  бейбітшілік ұранымыз деп жүрегі соққан,оқушылар Қазақстанда тұратын ұлт пен ұлыстардың билері мен әндерін нақышына келтіре отырып орындап, әр ұлттың әсем киімдерін киген оқушылар сахнаның көркін ашып, көрермен қауымды бір серпілтіп тастады.                                                                                                                                  

 Мектебімізде «Саябақтар шеруі» жыл сайын өткізіліп келеді, жылда өтетін акцияның негізгі мақсаты: мектеп оқушыларын жастайынан табиғатты аялауға үйрету, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

 


мерейлі мектеп

 

7«а,ә,б,в» сыныптарының ұйымдастыруымен «Бағдаршам-2017» байқауы өтті. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

 

мерейлі мектеп

 


 

«Ауған жауынгерлері» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу  кешін 10 «а,ә,б» сынып оқушылары ұйымдастырды.  Ауған соғысына қатысқан жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде. Кездесуге келген ардагерлер өздерінің бастан кешкен ерлікке толы естеліктермен бөлісті. Соңынан патриоттық әндер шырқалып,  сыйлықтар табыс етілді.

 


мерейлі мектеп

 

 

 Мектебімізде «Бала тәрбиесі барашаға ортақ» тақырыбында Аудан психологтарымен психологиялық тренинг өткізілді.Тренингтің міндеті-  қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасыуына ата-ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым-қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсіне білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.

      

     «Көңілді мәре»атты эстафеталық жарыс 2-3сыныптар арсында өтті. Жарыс кезінде бүлдіршіндер өздерінің спортқа деген құлшыныстарын, белсенділіктерін көрсетті.

         Білім ордасында осындай семинар, байқаулар өтіп, «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында» біліктілікті арттыру курстары  бірнеше рет аудан ұстаздары оқып,білімдерін жетілдірді.  

           

 Мектебімізде тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жоспар құрылып, іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі. Сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тәрбиенің кешендік бағдарламасына сай жасалып бекітілген, сынып сағаттары жоспар бойынша жүргізіліп келеді. Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы, ұстаздық ұйымдастырушылық таланттың айқын көрінісі.Тәлім -тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімін табады. Осындай тәрбиелік шараларды өз мәнінде өтуіне жаңаша, ізденіспен, іскерлікпен ұйымдастырып жүрген мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.Тугулбаева, А.Байжанова, педагог-ұйымдастырушы Г.Нурахметоваларды атап айтуға болады. Шәкіртпен  қажымай, шаршамай, шығармашылықпен жұмыс жасайық, сонда ғана көздеген мақсатымызға жететініміз анық.   Ұстаз- мектептің жүрегі,ал оқушы-мектептің шуағы. Мектеп-өмір айнасы дегендей мектебіміз, үлкен, кең, таза әрі жылы ұя. Мектеп іші әдемі гүлдер мен түрлі суреттермен безендірілген. Мектебіміздің арнайы жасақталған бұрышында мектеп мақтаныштарының суреттері мен арнайы сайыстарда алған мақтау қағаздары жарияланған. Ұстаздар еңбегін,оқушы жетістігін  бағалауда үлкен мақтаныш.

 

 

                                  «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар

                                       №13 жалпы білім беретін орта мектеп»          мектеп директоры  Қонысбаева  Қ.С