"Келіңдер танысайық" саяхат сабағы
Тұздыбастау ауылы № 13 орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2022 жылдың 15 қыркүйек пен 10 қазан аралығында барлық мектепалды даярлық сыныбымен 1-сынып оқушыларына «Кітаппен бірге өсеміз» тақырыбында кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балаларға кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту, кітапты сүюге баулу, кітапты дұрыс таңдауға, кітап ұстау ережелері туралы мағлұмат бере отырып, кітапхана қорын пайдалана білуге тәрбиелеу.
Мектеп кітапханашылары мектепалды даярлық сыныбы мен 1 сынып оқушыларына «Оқу залы», «Абонемент» бөлмелері көрсетіліп, кітапхана ережелерімен таныстырылды. Сонымен қатар, кітапхана бөлмесінен әдеби кітаптар үйге берілетіні, және оның кері қайтарылу мерзімі болатыны айтылып, кітапты ұқыпты пайдалануға үйретілді. Сондай-ақ оқушылар үшін әсіресе «Ертегі оқып өсемін...» атты кітап көрмесі қатты қызықтырды, ондағы түрлі-түсті кітаптармен қатар қойылған ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін тамашалады. Шараның соңында оқушылар «Бауырсақ» және «Шалқан» ертегісінен образға кіріп , құрастырып, сол ертегіні қорғап айтып шықты. Мектеп кітапханашылары қатысқан оқушыларға риза болып, рахмет айтты.