Қазақ даналығының сыйқырлы сандығы
(Библиографиялық шолу) Жас жеткіншектің кітап оқуға деген ынтасын арттыру мен бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал етіп, қазіргі заман авторларын, кітапханаға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау мақсатында №13 орта мектеп кітапханасында «Қазақ даналығының сиқырлы сандығы» атты жаңа әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып, «Ертегі- оқып өсемін» тақырыбында көрмесі ұйымдастырылды, бұл көрмеде балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі түсті суреттермен безендірілген кітаптар және балаларды адамгершілікке Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең-тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ, жаңылтпаштар, ойындар берілген, әр түрлі жастағы балаларға арналған кітапшалар танымдық әдебиеттер бар.
