28
январь
2022
"Менің сүйікті кейіпкерім"
№13 орта мектеп кітапхана оқу залында қаңтар айында 3-сынып оқушыларымен «Менің сүйікті кейіпкерім» атты ертегілерге бейнеролик түсірілді . Мақсаты: Балалардың тілі, қиялы, сөздік қоры , логикалық қабілеті осы халық мұрасы арқылы дамиды . Ертегілер балаларды жалқау болмауға, үлкенді сыйлауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретеді. Ертегілердің тәрбиелік маңызы өте зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді.Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме үйретудің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір екі айқын белгілерді көрсетіп, айқын түсінікті болып келеді.Адамның қиялынан, ойдан шығарған барлық көне дүниелер, аңыздар мен ертегілердепайтылады . Қазақ ертегілері сан алуан түрлі, олар : Қиял-ғажайып ертегілер , тұрмыс - салт ертегілер , хайуанаттар туралы ертегілер , аңыз ертегілер батырлар туралы ертегілер және күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлінеді . Ертегілер балалардың түсініп оқуына ыңғайлы , тілі көркем , қарапайымм түсінікті , жеңіл болады.