10
ноябрь
2021
Ы.Алтынсарин "Даланың дара жұлдызы"
Тұздыбастау ауылы № 13 орта мектеп кітапхана оқу залында Ыбырай Алтынсариннің – 180 жылдығына « Кел балалар , оқылық» кітап көрмесі құрылып, 6 « и» сынып оқушыларымен «Даланың дара ұстазы» атты әдеби сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ірі ғалымы , ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мәлімет беріп, білім қалыптастыру. Ыбырай еңбектері туралы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту , шығармашылық ізденістерін жетілдіру. Қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершіліке , іскерлікке тәрбиелеу. Өткізу әдісі: Мәнерлеп оқу байқауы,
Көрнекілік: Ы. Алтынсарин туралы бейнеролик, слайд, портреті, нақыл сөздері, кітаптары
Көрнекілік: Ы. Алтынсарин туралы бейнеролик, слайд, портреті, нақыл сөздері, кітаптары