"Қазақ прозасының хас шебері"
Сайын Мұратбеков «Жабайы алма» (Дөңгелек стол) Іс-шара шымылдығы Сайн Мұратбеков жайлы естелік бейне сюжеттің көрсетілімімен ашылды. Шараның 1-ші бөлімінде оқушылар шығарманы оқу барысында алған әсерлерімен бөлісіп, өздеріне ерекше әсер еткен тұстарына тоқталды. 2-ші бөлімінде кейіпкерлер мен олардың іс-әрекеттеріне баға беріп, мен осы кейіпкердің орнында болғанда қалай істер едім – деген сұраққа жауап іздеді. Шараның соңында оқушылар шығарма желісі бойынша жасалған ребустар мен сөзжұмбақтарды шешіп, шығарманың соңын өз ойларымен аяқтап эссе жазып көрдіСайын Мұратбековтың сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттелетін шығармасы – «Жабайы алма» повесі. Жазушының бұл туындысы соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз етеді. Сондай-ақ, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үмітті үзбеуге үндейді.
Жазушы оқиға барысында Көкінай атты итті образдау арқылы, соғыс кезіндегі жауға аттанған әр шаңырақтың сағыныш сезімін, төзімін Көкінай образымен адалдық қасиетін қызық та, қатал сюжеттермен сипаттайды. Повестьтің басты кейіпкерлері Қанат, Тоқтар, Нәзира, Әжібектер бейнесінен бір-бірін жеңе алмай келе жатқан махаббат пен зұлымдық, мейірімділік пен жауыздық, адалдық пен надандық cуреттеледі. Екі ғашық Тоқтар мен Нәзираның пәк махаббатын соғыс үзеді. Сүйгені соғысқа аттанған Тоқтардан қара қағаз да келіп үлгереді. Бұл тек сүйгенінен айырылған Нәзираның зары емес, заманның, сұм соғыстың кесірінен екінің бірінің басына түскен қасірет еді. Нәзира қиындықты жеңу арқылы оқуға, артынша соғыстан азат етілген қалаларды қалпына келтіруге көмекке аттанады. Повесте соғыстан жаралы қайтқан Көбегеннің еңбекқорлығы, Петько, Отто, Бәкке, Қанаттардың бір сиырға шөкімдей шөп үшін неге болсын баратыны нанымды бейнеленген.
