«Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы» атты әскери-спорттық, патриоттық сайыс » №13 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№13 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 307-38-23
Есепші бөлімі:
+7(7277) 307-38-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы» атты әскери-спорттық, патриоттық сайыс
13
декабрь
2021

«Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы» атты әскери-спорттық, патриоттық сайыс

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Осы айтулы мереке қарсаңында Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы №13 ЖББ мектепте АӘжТД пәнінің үйымдастырушысы Сұлтанғазиев Ерболат Абайұлының ұйымдастыруымен «Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы» атты әскери-спорттық, патриоттық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты - жас ұрпақ бойындағы Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімдерін дамыту.
Сайыс 10-сынып оқушыларынан құралған «Тәуелсіздік ұланы», «Болашақ», «Сарбаздар» және «Айбын» командалары  арасында ұйымдастырылды.
Сайыс өте қызықты және тартысты өтті. Сайысқа Желтоқсан көтерісілінің ардагерлері Нұржанов Қайрат Диясұлы мен Мұсылманов Қайрат ағаларымыз, Ауған соғысы ардагерлері Байбалақов Ержан және Қозбақов Ержан ағаларымыз, Талғар қаласы ҚІЖБ бастығы подполковник Айдар Болатұлы және бөлім бастығының Әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі көмекшісі Алпысбаева Салтанат Алымқызы және осы сайысқа демеушілік көрсеткен Тәжік-Ауған шекара қақтығыстарының ардагері «ҚаҺарман ұрпақ» қоғамдық қорының директоры, запастағы штаб сержанты  Арынханов Арман Қайроллаұлы және Тәжік-Ауған шекара қақтығыстарының ардагерлері Қожабеков Қанат Жылқыбекұлы,  Қалижанов Сәндібек Нұрғалиұлы қонақ ретінде шақырылып, төрешілік етті.
Сайыс барысында  оқушылар өздерінің білімдері мен физикалық дайындықтарының жоғарғы деңгейде екендігін дәлелдеді. Әділ төрешілердің бағалауы бойынша «Тәуелсіздік ұланы» командасы Ӏ орынды, «Сарбаздар» командасы ӀӀ орынды иемденді. Ал «Болашақ» және «Айбын» командалары ӀӀӀ орынды өзара  бөлісті.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив