Даму жоспары » №13 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№13 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 307-38-23
Есепші бөлімі:
+7(7277) 307-38-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
апрель
2022

Даму жоспары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы облысы Талғар ауданы «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №13 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі










Педагогикалық қеңесте қаралып бекітілді


БЕКІТЕМІН

«___»_______________2020 жыл.

Мектеп директоры

______________Қонысбаева Қ.С.







Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар

№13 жалпы білім беретін орта мектебінің

2020-2025 жылдарға арналған


даму жоспары

















Талғар

2020
 


Мазмұны


Бағдарлама паспорты.


Кіріспе:

I.Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар  №13 жалпы білім беретін орта мектебінің  қазіргі кездегі жұмысының нәтижесі

      ІІ.    2014-2019 оқу жылдарына арналған даму жоспарының орындалуы


      ІІІ. Білім үрдісінің  Swot-талдауы.


       IV.  Білім берудің негізгі үрдісі


      V. Мектептің миссиясы және алдына қойған  мақсаты мен міндеттері


VI. Дамудың басты бағыттары


VII.   Бағдарламаны іске асырудың жолдары


VIII. Күтілетін нәтиже


IX. Тәуекелдерді басқару





















БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ

Әзірлеу үшін

негіздеме

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

 Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;  

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы;

"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы No 790 қаулысы;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері"атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы No 636 Жарлығы;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 21 қарашадағы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының ашылуында және 2019 жылғы 27 ақпандағы "Nur Otan" партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы No 27 Жарлығы;

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы         2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына жолдауы 

Бағдарламаны

әзірлеуші

Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар  №13 жалпы білім беретін орта мектебінің педагогикалық ұжымы

Бағдарламаның мақсаты

 Мектептің  дамуының негізгі  бағыттарын анықтау

Міндеттері

Үздік тәжірибелер негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру     сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу.

      Білім беру сапасын бақылаудан оны қамтамасыз етуге көшу мақсатында білім беру сапасын бағалау және әдістемелік қолдау жүйесінің тетіктерін жетілдіру

Қаржыландыру көзі

 Мемлекеттік білім беру бағдарламасын іске асыруға арналған қаржыны мақсатына қарай жұмсау.

Күтілетін нәтиже

 Білім алушыларға жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, функционалды сауатты тұлға болып қалаптысуына жағдай тұғызу

Орындалу мерзімі

2020-2025 жылдары


КІРІСПЕ


Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар   №13 жалпы білім беретін орта мектебінің 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама)  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері"атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 21 қарашадағы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын, Қазақстан Республикасы Президенті  Қ.К.Тоқаевтың "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы"   2019 жылғы 19 маусымдағы  Жарлығын, Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына жолдауын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын  негізге ала отырып құрылды. 

Бағдарлама мектептегі білім аясында жалпы білім беруді жаңарту стратегиясын анықтайды.

Бағдарламада белгіленген мақсат пен міндеттері мектептегі, ауылдағы, аудан мен облыстағы  жалпыұлттық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық, экономикалық жаңарту мен дамыту мүмкіндіктер мен ерекшеліктерді ескеріледі. 

Бағдарлама Қазақстан Республикасы білім саласындағы  қазіргі жағдайын және даму қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ескере отырып құрылды.

Бағдарлама мектеп ұжымының алдыңғы жылдардағы   іс-әрекеттері мен жұмыс жүргізу жүйесін анықтайтын құжат болып табылады.


Бағдарламаның мақсаты:

-  Мектеп  дамуының негізгі бағыттарын анықтау;

- Үздік тәжірибелер негізінде білім беру жүйесін жаңарту, оқуға қатысты    тұлғалардың іс-әрекеттерін мақсатқа жетуге бағыттау, мектептің білім беру ресурстары мен мүмкіндіктерін дамыту; 

- Білім алушылардың алған білімін еліміздің экономикасының дамуына үлес қосуға   бағыттау, функционалдық сауаттылықты нығайту;


Бағдарламаны іске асыру кезеңдері


Мерзімі

Іс-шаралар

Жауаптылар

2020 жыл

Қаңтар айы

Бағдарламаны дайындау, ұжымға таныстыру, бекіту. Іске асыру жолдарын талқылау  

Мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым, оқушылар қауымдастығы, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы, ата-ананық қамқоршылық кеңесі, ата-ана қауымдастығы


2020 -2025 жылдары

Бағдарламаны іске асыру

Мектеп ұжымы, ата-аналар

2025 жыл тамыз айы

Бағдарламаның іске асу қорытындысы. Мектептің ары қарай даму стратегиясын белгілеу

Мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым, оқушылар қауымдастығы, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы, ата-ананық қамқоршылық кеңесі, ата-ана қауымдастығы



Бағдарлама мониторингі

  • Мониторинг мектеп әкімшілігі мен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы тарапынан ұйымдастырылып жүргізіледі
  •  Бағдарламаға еліміздегі орын алып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға қатысты өзгертулер мен қосымшалар енгізуге болады



ІІ. Мектептің  қазіргі жағдайына қатысты анықтама


  1. Жалпы мінездеме

Мектептің ашылау- 01 қыркүйек 2014 жыл

Мектептің толық атауы:

Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №13 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

 Мекен жәйі: 

Қазақстан Республикасы,

Алматы облысы Талғар ауданы, 0471600, Тұздыбастау ауылы Қазыбек би көшесі №1

Меншілік түрі: 

Мемлекеттік мекеме

  Білім беру ұйымы  мектеп жасына дейінгі шағын орталық, мектепалды дайындық тобы, бас-тауыш мектеп, негізгі орта мектеп және жалпы орта мектеп тәрбие мен білім беру сатыларын төмендегі заңдастыру құжаттарының негізінде қамтиды:

  1. «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №13 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің   Жарғысы
  2. Алматы облысы Әділет департаментінің Талғар ауданы Әділет басқармасының Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы Анықтама. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі №140940013150, тіркеу нөмірі №2058-1907-09-ММ, 1.09. 2014 жыл
  3. ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, Алматы облысының Білім саласындағы бақылау комитетінің   Білім беру қызметімен айналасу Лицензиясы № KZ24LAA00005492. 05.08. 2015 жыл.
  4. Мектеп ғимаратының техникалық паспорты №002059895149. 16.01.2015 жыл
  5. Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы Алматы облысы әкімшілігінің медициналық қызметпен айналасу лицензиясы №15013263. 16.07.2015 жыл
  6. Жер учаскесінің акты. Кадастр №03-051-059-4209 


«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №13 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2014 жылы қолданысқа берілген. Жер көлемі 2,7 га.. Мектеп ғимаратының жалпы көлемі-  9532,6 кв.м., пайдалы аумағы -6777,7 кв.м. Проекттік мүмкіндігі -900 орын.                   

2019-2020 оқу жылындағы білім алушылар саны 1812. Педагогикалық ұжымда  139 мұғалім. Мектеп жасына дейінгі шағын орталықта 2 топ, 50 бала қамтылған. Мектепалды дайындық тобы-6, бала саны 187. 

 Оқыту тілі-қазақ тілі. Мектептің ішкі тәртіп пен оқу режимі бергіленген, оқу апталығы 5 күндік, оқу кезеңі-2 кезең. 





ІІ. 2014-2019 оқу жылдарына арналған даму жоспарының орындалуы


Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасының негізінде мектепішілік даму жоспары құрылды. Жоспарда белгіленген  мақсаттар мен міндеттердің 90 % орындалды. Мысалы,  орта білім беруде жаңартылған оқу мазмұнына көшу жоспарлы түрде жүзеге асырылды.  

Мектеп қызметі аясында Бағдарламаны іске асыру барысында оқушылардың қызығушылықтарын, бейімділіктері мен қабілеттіліктерін барынша төләлеуетті мүмкіндіктерін барынша ашуға жағдай жасайтын жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім беру бағдарламалары негізінде іске асырылды. Жоғары сыныптарда оқыту білім алушыларды кәсіптік бағдарлауға және  беделді ұлттық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға мақсатты дайындауға бағытталды. 

Білім беру мазмұны – рефлексия, өмірлік өзін өзі анықтау, іріктеу секілді тұлғалық іс-әрекеттерді орындау тәжірибесіне ие еркін және жауапты тұлғаның қалыптасу мүмкіндігін білдіретін сапалы жаңа мазмұны білім берілуде.

Білім беру нәтижелері – білімін жоғары оқу орындарында жалғастыруға қажетті білімділіктің жоғары деңгейін алуды қамтамасыз етіп; зияткерлік қабілеттері дамыған, әлемге шығармашылық тұрғыдан қарайтын, жеке жауапкершілік сезіміне ие, жоғары адамгершілікті, өзгермелі және өнімді қызметке қабілетті, жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениеттің құндылықтарына және өзін өзі дамытуға бағдарланған тәуелсіз азаматты тәрбиелеу жолында орындалды.

        Педагогтар – жоғары кәсіптік дайындықты, білімділікті, білім алушыларды қолдау мен дамытуға, олардың ата-аналарымен құрылымдық әрекеттестікке, өзін өзі сынауға және өзін дамытуға деген ұмтылысты меңгеру қажеттілігі арттрылды.

Мектеп қызметінің аясында Бағдарламаны іске асыру барысында БҰ үлгісін дамыту,  оқыту мен тәрбиелеудің өнімді үдерісінің мәнін, мазмұнын, ұйымдастырылуын, сондай-ақ шарттары мен факторларын жан-жақты ескереді, бұлар айқындалған басымдықтарда біріктірілген.Білім беру үдерісіне қатысушылар (мұғалімдер, оқушы, ата-ана)   өз әрекеттеріне өзіндік бағалау, дамыту жолдары нығайтылды. Алған білімнің еңбек нарығындағы практикалық сұранысқа ие болуы бағытталуда.

Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуы  қамтамасыз етілді.Бәсекеге қабілетті тұлға мен маманды қалыптастырудың негізі отбасында,

қоғамда және білім беру жүйесінде қалыптасатын құндылықтар болып табылады. Қазақстанда "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бекіттілді. "Туған жер","Қазақстанның киелі географиясы", "Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет", "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы", "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы, "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы іске асырылуда. "Жас қыран" (1-4-сыныптар), "Жас Ұлан" (5-10-сыныптар) балалар мен жасөспірімдер қозғалысы, "Жас Сарбаз" әскери-

патриоттық клубы  жұмыс істейді.

        Педагогикалық ұжым әр білім алушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту бағытында төмендегі құндылықтарды басты мақсаты ретінде ұсталынады:

 - жеке тұлғалық, психологиялық, ұлттық, интеллектуалды құндалақтарды дамыту

- әр білім алушыға білімін жетілдіруге, рухани іш дүниесін байытуға, психологиялық, эмоционалдық ахуалын қалыптастыруға жағымды жағдай жасау.


2014 -2019 жылдар аралығында  білім алушылардың саны бойынша өсу  динамикасы байқалады

Оқу 

жылдары

Оқушы саны 

Білім сапасы

Соның ішінде

1-4

5-9

10-11

2014-2015

994

43

510

417

67

2015-2016

1215

48

661

473

81

2016-2017

1386

53

742

542

102

2017-2018

1478

57

792

577

109

2018-2019

1603

61

841

654

108

2019-2020

1812

66

903

766

128


Тұздыбастау ауылындағы  халық санының өсуіне байланысты, мектеп оқушыларының да саны жылдан- жылға 100 ден 200 оқушыға дейін артып келеді. Сыныптардың орналасу тығыздығы өте жоғары. Бастауыш сыныптарда   29-31 оқушыға дейін қамтылған. Мектеп 3 кезеңдік  оқу режиміне ауысу қаупінде  тұр. 




Білім сапасының көрсеткіштері


Оқу 

жылдары

Сынып саны 

Оқушылар 

саны

Білім сапасы

2014-2015

43

994

60 %

2015-2016

48

1215

62 %

2016-2017

53

1386

60 %

2017-2018

57

1478

61 %

2018-2019

61

1603

62 %

2019-2020

66

1812

63 %


Оқушы санының өсуіне қарамастан мектептің педагогикалық ұжымының біліктілігі мен білім беру құзыреттілігінің арқасында білім алушылардың оқу сапасы артып келеді.


Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы


Оқу

жылдары

11      сынып саны 

Мектеп бітірушілер саны

«Алтын белгі» төсбелгісіне бітірген түлектер

Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы

Мемлекеттік грантқа иеленген түлектер саны

2014-2015

2

35

1

71,2 балл

10

2015-2016

2

39

3

71,5 балл

12

2016-2017

2

48

3

71,9 балл

17

2017-2018

2

53

6

80,5 балл

27

2018-2019

2

50

4

72,6 балл

30

2019-2020

3

61

11

74,9  балл

32

ҰБТ қорытындысы бойынша   өткен оқу жылымен салыстырғанда мектепің орташа балы                           + 2,3   балға өсіп, грант саны  соңғы 3 жылда 5 түлек санына артқанын байқаймыз. 



Педагогикалық ұжымның біліміне қарай сапалық құрамы


Оқу 

жылдары

Мұғалімдер саны

Біліміне қарай

Жоғары білімді

Аяқталмаған жоғары білімді

Кәсіби орта білімді

2014-2015

94

86


8

2015-2016

98

90


8

2016-2017

106

94


12

2017-2018

121

110

0

11

2018-2019

129

121

2

6

2019-2020

139

131

1

7

 Педагогтердің  саны жылдан жылға өсуде.  Жоғары білімді мұғалімдердің саны артуда. 


Педагогикалық ұжымның біліктілігіне  қарай сапалық құрамы


Оқу 

жылдары

Мұғалімдер  саны

Біліктілік санаты

Жоғары санатты

Бірінші санатты

Екінші санатты

Санаты жоқ

2014-2015

94

12

27

21

34

2015-2016

98

14

25

24

33

2016-2017

106

16

26

31

33

2017-2018

121

19

28

46

28

2018-2019

129

23

28

49

29

2019-2020

139

30

33

42

34


           Cоңғы 2 жылда   сапалық құрамы + 5,7  % -ға артқан. Жоғары санатты мұғалімдер саны + 7 %-ға, бірінші санатты мұғалімдер   + 2%-ға өскен.  Жалпы мұғалімдердің сапалық құрамы 45,32  %-ды құрады. 


Педагогикалық ұжымның квалификациясына   қарай сапалық құрамы


Оқу 

жылдары

Ұстаздар саны

Біліктілік санаты

Ғылым

 магистры

Ғылым докторы

Пәндерін ағылшын тілде оқытатын

Зерттеуші

Сарапшы

Модератор

2017-2018

12

0

7

5




2018-2019

35

4

15

5

10


1

2019-2020

74

17

27

15

11

1

3

              Мектептегі педагог қызметкерлердің  квалификациясына қарай сапалық құрамы  былтырғы     оқу жылымен ( былтырғы оқу жылында 27 пайыз болған ) салыстырғанда  + 26  %-ға артып,     53    %-ды құрады.


      Білім сапасының тұрақты болғанымен, әлі де өз деңгейінде деп бағалай алмаймыз. Оның себептері:

- мұғалімдер әлі сабақтарында дифференциалды түрде әр оқушыға жеке қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай тапсырма беруді толық қарастырмайды;

- білім алушылардың орындаған тапсырмасын толық және сапалы түрде бағалаудың болмауы;

- білім беру мазмұнының жаңартылған түрін толыққанды күнделікті сабақ әдістемесінде қолданбауы;

- оқу жетістігі төмен оқушылармен жеке жұмыстың өз дәрежесінде жүргізілмеуі

- оқушының білімін бағалауда әлі де субъективті қозқарастың басымдылығы;


         Сонымен қатар, соңғы жылдардың диагностика  мен монитрингті жүргізу қорытындысы: педагогикалық ұжым арасында білімін жетілдіру ынтасы мен белсенділігі орын алуда, квалификациялық тестілеуге  қатысушы ұстаздар толық дәрежесін дәлелдеп, құзыреттілігін жоғарлатуда. 



ІІІ. «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №13 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің білім үрдісінің Swot-талдауы 


Кадр  ресурстары

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Педагог қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуы. 

 Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша курс аяқтаған мұғалімдердің басымдылығы.

 Ұстаздар арасында ғылым магистрлері мен докторларының санының асуы

Ұжым арасындағы кейбір консервативті ұстаздардың жаңашылдықты қабылдамауы

Мұғалімдерге ғылыми дәрежелері мен квалификациясын арттыруға мотивацияның болуы

Педагогикалық ұжымның басым бөлігі жас мамандар болғандықтан демографиялық жағдайға байланысты тұрақсыздық орын алуда.

Тәжірибесі бар мамандардың аз болуы.

Материалдық-техникалық ресурс

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Интернет желісіне қосылған заманауи жабдықталған оқу кабинеттерінің болуы, салауатты өмір салтын сақтануға, спортпен шұғылдануға, дұрыс тамақтануға мүмкіндіктердің қамтамасыз етілуі. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен толық қамтылуы.





 .


Инклюзивті топтағы балаларға оқумен қамтылуға толық мүмкіндіктердің болмауы.

Барлық пәндік оқу бөлмелерінде толық интернет пен интерактивті тақтамен жұмыс істеуге мүмкіндіктердің болмауы

Оқушыларды қосымша және кәсіби білім алуға мүмкіндіктердің болуы




Қаржыландырудың шектеулігі



Ақпараттық ресурстар

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Электронды журнал мен электронды күнделіктің іске асуы. Ата-ана мен мұғалім мен электорнды күнделік арқылы байланыстың болуы


Мектептің сайтының жұмыс жүргізу, жүйелендіру сапасының төмендігі. Пәндік әдістемелік бірлестіктерінің, оқушы қауымдастығының сайттарының болмауы. 


 Білім беру саласында мұғалімдер мен оқушыларға пәндік олимпиадалар мен интернет байқауларға қатысуға жақсы мүмкіндіктер қарастырылған


 Ауыл аймағында интернет желісіне қосылуға толық мүмкіндік жоқ. Республика және облыс көлемінде халық миграциясының басымдылығы.

Білім сапасын арттырудағы ғылыми-әдістемелік мүмкіндіктер мен инновациялық қызмет


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Мектептегі пәндік әдістемелік бірлестіктердің дұрыс жұмыс жүргізуі.

 Жас маман мектебі мен озық тәжірибе тарату мектебінің белсенділігі. 

 Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен тәжірибе алмасу іс-шараларының сапалы және белсенді өтілуі, ұстаздар арасында тәжірибе алмасудың оңтайлығы

Ұстаздардың тәжірибесінің облыс және республика көлемінде таратылмауы.

 Кәсіби байқаулардың ұйымдастырылуы мен өтілу сапасының, қатысу белсенділігінің, ынтасының     төменділігі. 


Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ұстаздарды курстан өткізу белсенділігі.


Жоғары оқу орындарында болашақ ұстаздарға оқу әдістемесін  үйрету тәжірибесінің төмендігі, жас мамандардың ұстаздық мамандыққа психологиялық тұрғыда дайын болмауы

Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асырылуы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жоспарының болуы.

 Lesson Study зерделеу жұмыстарының жүргізілуі.

Білім алушылардың білім сапасына үнемі     мониторинг жасалып тұруы.

 .

 Кейбір мұғалімдердің консерконсарвативті білім беру әдісінен арыла алмай жүруі.

Ағылшын тілін меңгеру мен тәжірибеге енгізу сапасының төмендігі.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ұстаздарды курстан өткізу белсенділігі.


Ата-ана тарапынан жаңартылған білім беру жүйесін толық қабылдай алмауы


Білім алушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттіліктері, білім сапасы


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Білім беру сапасының артуы

 Қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай тестілеудің жақсы нәтижесі.


Жоғары сыныптардың білім сапасының төмендігі.

 Математика пәні бойынша білім сапасының төмендігі.

 Білім жетістігі төмен оқушымен жеке жұмыстың сапасының төмендігі.

Білім алушылардың жеке пәндер бойынша пәндік олимпиада мен байқауларға қатысу мен нәтижеге жету сапасының төмендігі.

  Дарынды баламен жұмыстың төмендігі.



Ата-ана тарапынан оқушы мен мұғалімге жоғары талап қойылуы.




Кейбір мұғалімдер  мен ата-ананың білім сапасына қызығушылықпен қарамау қауіптігі.

Интернет желісіне қатысты тапсырмалардың басым болуы. 


Патриоттық және азаматтық сезімді, жалпыадами және ұлттық құндылықтар мен идеалдарды қалыптастыру


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер

Қауіптер

«Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» патриоттык бағдарламалар негізінде құрылған мектепішілік тәрбие жоспарының  жүйелігі мен мазмұндылығы. 

Мектепішілік дәстүрлердің болуы мен оның тұрақтылығы.

 Мектепішілік тәрбиелік іс-шараларға ата-ананың қатысу белсенділігі.

Ерекше назардағы оқушылармен жүйелі түрде жұмыстың жүргізілуі.


Өзін-өзі басқару оқушылар ұйымының мектепішілк бақылау мен басқару жұмысындағы белсенділігінің төмен болуы.



Оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысын жетілдіру.

 Тәрбие жұмысына ауыл қоғамдстығы мен ата-аналарды тарту.


Оқушылардың шет елдер өмірінің стилі мен дәстүрлеріне тәуелді болуы.

 Смартфон мен телефонға тәуелді болуы.

Ата-ана институтының белсенділігі мен құндылығының төмендеуі.

Салауатты өмір салтының қалыптасуы


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Дене шынықтыру сабақтарын өткізуге, спорттық үйірмелерге қатысуға толық жағдайдың болуы.

  Мектеп асханасында денсаулыққа пайдалы асты қабылдау мүмкіндікерінің болуы 

Оқушылардың спорт мен дене шынықтыру сабақтарына қызуғышылығы мен белсенділігінің төмендігі.

 Қосымша спортпен шұғылдану мүмкіндіктерінің төмендігі.


 Оқушыларға үлкен спорт залы, спорт алаңдарында сортпен шұғылдануға толық мүмкіндіктер қарастырылған.


 Отбасында денсаулыққа пайдалы аспен тамақтануға, спортпен шұғылдануға көңіл бөлінбеуі.

 Заманауи спорттық құрал-жабдықтардың болмауы.

Заманауи спорт алаңының болмауы. 




IV. Мектеп миссиясы. Мақсаты мен міндеттері.

         

Мектеп миссиясы – Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту


Мектеп мақсаты: Мектептің қалыптасқан және сақталған дәстүрлері, педагогтар біліктілігінің жоғары деңгейі, мұғалімдердің шығармашылық тобының нәтижелі жұмысы, түлектердің сұранысқа ие білімдері, дарынды балаларды айқындау механизмдерін дамыту, эксперименттік қызметтің  дамуы. Білім алушылардың  қабілеттіліктеріне, жеке бейімділіктері мен сұраныстарына сәйкес   оқыту үлгісін құру, ол жеке білім беру бағдарламаларын құрудың ауқымды әрі икемді мүмкіндіктеріне ие жоғары сынып оқушыларын оқыту мазмұнын барынша саралауды ескеру

Мектеп міндеттері:

1.Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық

білім беруді жаңғырту

2.Қалалық және ауылдық мектеп, білім алушылардың арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту

3. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету

4. Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің

 сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу

5. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес

кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету

6. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және

физикалық дамуын қамтамасыз ету

7. Мектепті  цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі

заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру

8. Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінің вертикалін

енгізу


Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері

І бағыт

Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық

білім беруді жаңғырту

1. Оқыту және тәрбиелеу сапасын арттыруға педагогтерді ынталандыруды

күшейту үшін олардың еңбек жағдайын жақсарту. 

2.Педагог еңбегінің беделін арттыру мақсатында материалдық және материалдық емес ынталандыру шараларының кешені іске асырылатын болады.

Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы"  Заңына сәйкес мұғалімдерді қағазбастықтан ажырату. 

 3.Педагогтері білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету бойынша педагогикалық шеберлікті жетілдіруге мүмкіндік беретін аудиториялық және қашықтықтан оқыту нысанында біліктілікті арттыру курстарына жіберу.

4. Курстан кейінгі жүйелі сүйемелдеуді, оқыту практикасын одан әрі өзгертуді және жетілдіруді көздейтін үздіксіз кәсіби дамуды қамтамасыз ету жағына педагогтердің біліктілігін арттыру тәсілдерін өзгерту .

 5. Курстардың бағдарламалары педагогтің алған білімдері мен дағдыларын педагогикалық ұжымда каскадтық таратуды қамтамасыз ету.  

6.Орта білім беру сапасына сараптамалық шолу (инспекциялау)

қорытындылары бойынша жоғары баға алған мектептерен байланыс жасап тәжірибе алмасу.

7.Педагогтер  Lessen Study арқылы оқытудың дербес практикасын жетілдіп, сондай-ақ басқа педагогтермен тәжірибе алмасу.

8. TALIS (ЭЫДҰ) – сабақ беру мен оқудың халықаралық зерттеуіне дайындықты жалғыстыру. 

9.Пән мұғалімдерін  форумдар  мен слеттерге   қатыстыру.

10. Педагог мамандарын дайындайтын орта және жоғары білім беру ұйымдарымен байланыс жасап белсенді және білімді жас мамандарды жұмысқа тарту. 

11. «Тәлімгерлер ассоциациясы»,  «Жас маман мектебі», «Стратегиялық шеберхана», «Мастер-класс», «Педагогикалық идея» атты педагогикалық қауымдастығының жаңа формаларын ұйымдастыру 

12. Педагогикалық және басшылық кадрларының перспективті жаспарын құру

13. Білімі  мен біліктілігін жетілдірген ұстаздар санын арттыру (2025 жылға дейін 10-15% ) 

14. «Педагог-модератор», «Педагог-сарапшы», «Педагог-зерттеуші», «Педагог-шебер» квалификациясы бар мұғалімдердің санын арттыру ( 2025 жылға дейін 10-15 %)

15. Үш тілде білім беретін мұғалімдер санын арттыру (2025 жылға дейін 5-10 %)

16.Жас маман резервін анықтау мақсатында педагог мамандығына кәсіби бағдар беру жұмыс жүйесін ұйымдастыру (2021 жылдан бастап)

17. Мұғалім  еңбегін рейтинг жүйесі арқылы сараптап мотивация беру, заң негізінде  материалдық үстемақы беру.


ІІ бағыт

Жаһандандырылған білім аясында сапалы біліммен қамтамасыз ету

1-мақсат: Жаңартылған білім беру мазмұнын  іске асыруға мүмкіндік туғызу

  1. Жаңартылған білім беру талаптарына сай оқу жұмыс жоспарын құру(2020)

  2. Жаңартылған білім беру мазмұнына қатысты семинар, тренинг,    коучингтер ұйымдастыру (үнемі)

  3.  Жаңартылған білім беру бойынша мұғалімдердің жұмыс нәтижесіне мониторинг жүргізу (үнемі)

  4. «Білім сапасын басқару» атты бағдарлама әзірлеу және іске асыру (2020-2025)

  5. Жас мамандар мен жаңа бағдарламалармен сабақ өтетін ұстаздарға әдістемелік және психологиялық көмек көрсету (үнемі)

  6. Жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға баға беру, пікір айту (2020-2021)

  7.  Жаңартылған білім беру мазмұнында сабақ өтетін сыныптарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету 

  8. Білімді бағалау  нәтижесі бойынша  оқу үрдісіне баға беру, сараптау (жыл сайын) 

2-мақсат: Мектептің білім беру жүйесін   жаңарту 


  1. Білім беру деңгейлерінің аясындағы сабақтастықты сақтау негізінде жаңа оқу стандарттарына көшу. (Мемлекеттік кестеге сәйкес)
  2. Латын тіліне көшудің алдын-ала дайындық жұмыстарын үйірме жұмыстары арқылы ұйымдастыру (2020 жыл-0-1 сыныптар, 2021 жыл-0-1-2 сыныптар, 2022 жыл-0-1-2-3 сыныптар, 2023 жыл-0-1-2-3-4 сыныптар, 2024 жыл- 0-1-2-3-4-5,9 сыныптар, 2025 жыл-0-9-10, 11 сыныптар) 
  3. Жаңа оқу бағдарламасы негізінде «АКТ» және «Информатика»  пәндерін оқытуға дайындық ұйымдастыру (2020 жыл-5,6,11 сыныптар, 2021 жыл-1,2,3,7,8  сыныптар )
  4. «Бизнес және кәсіп негіздері» пәнінің оқытылуының сапасы мен нәтижесін  бағалау. 10,11 сыныптар (2020-2021 жылдары)
  5.  7-9 сынып оқушыларының  болашақ мамандықтарына қатысты таңдау пәндерінің нақты білуін анықтау (оқу жылының аяғында)
  6. «Графика мен  жобалау» вариативті компоненттегі пәннің оқытылуын бақылау (2020-2021)
  7. Жаңартылған білім беру мазмұнына қатыста жаңа оқу технологиялар мен әдістерді тәжірибеге енгізу (проектті оқыту,  деңгейлік оқыту, ойын арқылы оқыту әдістері, модульдік оқыту, мобильді топтар арқылы оқыту)
  8. Қалыптастырушы және жиындық бағалаудың нақтылығы мен объективтігін бақылау (үнемі)
  9. Үштілді білім беру үрдісін іске асыру, жағдай жасау (үнемі)

3-мақсат: Инклюзивті білім берудың жаңа механизмдерін қарастыру, қолдануға жағдай жасау

  1. Инклюзивті білім беру бойынша нормативті құжаттар банкін құру (2020)
  2. 0 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларының деректер қорын жинақтау (2020-2021)
  3. Инкдюзтвті білім беру жүйесін дамыту белсенділер тобын құқу (2020-2022)
  4. Инклюзивті білім беру бойынша мектепішілік консилиум тобын құру (2020)
  5. 5. Инклюзивті білім беруді  дамыту    бойынша аудандық, облыстық, республикалық форум, семинар, консультацияларға қатысу (үнемі)
  6. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолжетімді әлеуметтік топ қалыптастыру (үнемі)
  7. Мүмкіндігі шектеулі оқушының қалауы мен ерекшелігін ескере отырып жеке (дара) білім марщрутын анықтау (әр оқу жылының басында)
  8. Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен коррекциялық жұмыс жүргізу (үнемі)
  9. Қашықтықтан білім беру үрдісін жетілдіру (2020 жылдан бастап)
  10.  Мүмкіндігі шектеулі оқушыларының ата-анасына психолого-педагогикалық және оқу-әдістемелік көмек көрсету (үнемі)


 4-мақсат: Үштілді білім беру  моделін   дамыту


1. Үштілді білім беру моделін  кезеңдермен қолдану.

 -  Я2 және Я3 деңгейінде ағылшын тілі курсын аяқтаған жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне жағдай жасау, тілді сабақта қолдану үрдісін анықтау (2020 жылдан бастап)

 -   мұғалімді қажеттілігіне қарай ағылшын тілі курстарына жіберу (2020 жылдан бастап)

 2. Үштілді қосымша білім беру бағдарламаларын құру (2020-2025)  

3. Оқушылардың үштілді проектілерін дайындауды тәжірибеге енгізу (2020 жылдан бастап) 

 4. Мектепішілік шараларды үш тілде жүргізу үрдісін енгізу (үнемі)

5. Мектеп радиосы мен мктеп прессасын үш тілде жүргізілуін тәжірибеге енгізу (үнемі)

6. Үштілді оқу бағдарламаларын дайындау (жылына 1 пән бойынща)  

7. Орыс және шет тілдерінде үйірмелер ұйымдастыру ( жылына 2 пәннен)

8. Оқушыларға ғылыми жобаларын  үш тілде дайындау дағдысын қалыптастыру (жылына 2-5 кем емес)

9. Оқушыларды халықаралық «Русский медвежонок», «Кенгуру-лингвист», «Бритиш бульдог», «Акбота» интеллектуалды байқаулар мен марафондарына қатыстыру (жыл сайын)

10. Оқу кабинеттерін, мектепішілік іс-шараларын, көрмелерін үш тілде безендірілуін қолданысқа алу 

11.  Үштілді білім беру бойынша жыл сайын ақпараттық есеп беру


ІII бағыт


Білім беру үрдісінде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру.


1-мақсат: Білім алушылардың зияткерлік, рухани-адамгершілік, патриоттық сезімін қалыптастыру, азаматтық белсенділігін арттыру

1. Мұғалімдерге әр сабақта «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «Туған жер» Бағдарламасының қағидаларын қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеуге   бағыттау.

2. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «Туған жер» Бағдарламасын іске асыру мақсатында үнемі мектепішілік тәрбие және оу шараларын өткізу 

 3.   «Ұлы дала мұрагерлері» акциясын қолдау мақсатында  «Туған елге тағзым» республикалық экспедицияға,  «Тарих тағлымы» пректілеріне туған өлкеңнің, ауылыңның тарихын, көшелер мен ауылдардың атаулары берілген тұлғалардың өмірбаянын зерттеу,  «Қазақ мәдениетінің антологиясы» тақырыбында ақын, жырау, күйші шығармашылықтарын зерттеу арқылы ұлттық фольклормен танысу (ҚР БЖҒМ медиа-жоспарына сәйкес)

4.  Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай арнайы бағдарлама-жоспар құрып,   Абай жылының аталуына үлес қосу (2020 жыл)

5. «Қоғамға қызмет» атты балалардың волонтерлік проектісіне қатысу, «Ұлы дала мұрагері»   атты азаматтық-патриоттық тәрбиелік шараға қатысу  (НЗМ тәжірибесі негізінде)  (2021-2025 жж.)

6. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық орта арқылы әлеуметтік-тәрбиелік аумақты дамыту арқылы Ұлттық сана сезімді қалыптастыруға жағдай жасау (үнемі)

7. Туған өлкені зерттеумен айналысқан оқушылардың санын арттыру (2020-2025)

8. Жас өмпірімдер арасында заңбұзушылық пен деструктивті діни адасушылық, экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық жұмыс жүргізу  мақсатында құқық органдарымен, теологтар мен дәстүрлі дін өкілдерімен кездесу, конференция, дикуссиялар ұйымдастыру. (үнемі) 

9.  Білім алушыға мамандық таңдау, бойындағы мүмкіндікері мен қабілеттелеген анықтау, болашақта өщінің жолын тауып кетуге психологиялық-педагогикалық көмек беру мақсатында әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмысын күшейту (үнемі)

10. Көпұлтты ортада толерантты тұлғаны қалыптастыру мақсатында балалар және жасөспірімдер арасында ұлтаралық қоғамдастық құру (үнемі)

11 «Туған жерге тағзым» көгалдандыру акциясына қатысу (жыл сайын)

12. 5 күндік оқу апталығы аясында ұсыныстарды қолданысқа алу 

 14. Отбасы, мектеп және қоғам бірізділіктерін көрсету арқылы болашақ Қазақстан азаматын қалыптастыру (үнемі)

 15. Білім алушыларының патриоттық және тәрбиелік деңгейінің диагнос- тикасы мен  қорытындысы  (жыл сайын)


2-масат: «Қауіпті» топтағы білім алушыларының бос уақытын ұйымдастыру 


1. «Қауіпті» топтағы оқушыларға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, «Біз біргеміз» атты жұмыс жүйесін ұйымдастыру

2.Ішкі істер органдары, ювиналды полиция мен прокуратура арқылы жүйелі жұмыс ұйымдастыру. «Бала мен заң» атты клуб құру.

  3. Заңбұзушылықтың алдын алу мақсатында «қауіпті» топтағы оқушыларды мәдени орталықтарға, музыкалық, спорттық үйірмелер мен ұйымдарға шоғырландыру

 4. Оқушылар арасындағы  «Жас ұлан», «Жас қыран» қозғалысының жұмысын жандандыру

  5. Шахмат және де басқа үйірмелерге  қатысатын оқушылардың санын арттыру (2025 жылға дейын 85%)

6. Спорттық секциялар мен ұйымдарына қатысатын оқушылардың санын арттыру   


IV бағыт

Білім саласында аумақтық мектепаралық қауымдастықты құру


1-мақсат: Білім мазмұнында аумақтық пробемаларды айқындау. Қауымдастық жұмысын жандандыру.

1. Оқу жоспарының вариативті бөлімінде аумақтық ортақ тақырыпты белгілеу (жыл сайын)

2. Аумақтық ерекшелігі мен қажеттілігіне қарай ортақ факультативті курс тақырыбын анықтау 

 3. 5-сынып білім алушыларынан бастап мамандық таңдау диагностикасын және мамандыққа бағыттау жұмыстарын ұйымдастыру (2021 жылдан) 

4. 7-10 сынып білім алушылары арасында «JuniorSkills» кәсіби бағдар беру және мамандықтың негізімен танысу проектісін енгізу

5. 10-11 сынып арасында ҚГБ, ЖМБ бағыттар бойынша   бағдарлы біліммен қамтамасыз ету (2019-2020 жж)

6. Жалпы білім беру мен кәсіби білім беру сабақтастығын ұйымдастыру мақсатында мамандықты таңдау бағытында колледж, жоғары оқу орындарының мұғалімдерін тарту.

7.  Әр бір жыл аяғанда сатылай бағытта кәсіби бағдар алу және мамандық таңдау мониторингін жүргізу (жыл сайын)

8. 10-сынып білім алушыларына  бағыт пен бағдар таңдау бойынша толық ақпаратты жеткізу (негізгі мектепті аяқтағанда)

9. ЖОО мен ТжКБ беру ұйымдарымен келісім шарт жасау 

10. Оқушылардың ғылыми проектілерін таңдау барысында партнерлер мен ғылыми жетекшілерін тарту.

11. Мұғалімдерді бағдарлы курстардың бағдарламасын қорғау байқауларға қатыстыру (жылына 3-5 бағдарламадан) 


 2-мақсат: Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы

  1. Өзін-өзі басқарудың негізі ретінде «Көш басшы болу баспалдақтары» атты тәрбие жүйесін құрып іске асыру  (2020 жылдан бастап)

 2.Сынып арасында рейтинг арқылы «Үздік сынып» ұжымын анықтау (жыл сайын)

 3. «Мен-көш басшысымын» атты шара ұйымдастыру арқылы оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді, жауапкершілікті анықтауға мүмкіндік туғызу (үнемі) 

4. «Ең үздік сынып»байқауын ұйымдастыру.Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру. (жыл сайын)

 5. Мектепішілік оқушылар арасында Парламент пен Президетты сайлау кампаниясын ұйымдастыру (жыл сайын)

 6. Мектепішілік «Электронды үкімет»жүйесін  ұйымдастыру (2020 ж)

 7. Мектепішілік іс-шаралар, акциялар, байқаулар, ойындар, тренингтер, іскрлік ойындар, дебат клубтарын ұйымдастыру арқылы әр оқушыға белсенділік танйтуға, өз-өзін дамытуға, тұлға ретінде сезінуге, қалыптасуға мүмкінлдік беру.(үнемі)

 8. Әлеуметтік бағытталған «Толеранттық бағдарламасы», «Әлемтану киносы», «Демократия мектебі», «Дискуссия клубы»,т.б. бағдарламаларды іске асыру (үнемі) 

9. Волонтерлік қауымдастығын құру «Қоғам қоғам үшін»(2020 ж).

10. Әр сыныпқа мектеп ішінде жауапкершілік немесе қамқорлық аумағын белгілеп беру(үнемі).

11. «Менің мектебім-менің үйім» атты шығармашылық белсенділік байқауын өткізу ( жыл сайын)



  3-мақсат. Оқушының бойындағы интеллектуалды потенциалды, Қазақстанның болашақ белсенділерін анықтау. Талантты және дарынды баланы қолдау жүйесін енгізу.


1. «Дарынды бала» электронды деректер қорын жинақтау

 2. Дарынды баламен жұмыс жүргізу жоспарын құру:

 - Оқушылар арасында ғылыми қоғамдастық құру

- Мектепішілік интеллектуалдық олимпиадалар ұйымдастыру

- Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру  (2020 г.).

3. Оқудың әр сатысында дарынды баланы анықтап, оған психологиялық-педагогиалық қолдау көрсету, даму динамикасын зерделеу

4. Дарынды балаға жеке маршрутын құру (жыл сайын).

5. Ұстаздарға дарынды баламен жүмыс жұргізу бағдарламасын құрып, байқауларға қатыстыру (жыл сайын)

 6. Дарынды баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында қосымша білім беру жұмысын кеңейту.

 7. Интернет жоба, конференция, байқау,олимпиада,  көрмелерге қатыстыру. Жетістіктер портфолиосын жинақтау.

8. Жыл сайын білім алушылар арасында олимпиада, байқаулар, конкурстар жүлдегерлерінің саны артуын бақылау

9. Оқушыларды халықаралық PISA-математика, жаратылыстану, оқу сауаттылығы; ІCILS- 8-сыныптар арасында компьютерлік сауаттылық, ақпатарттық сауаттылық;  TIMSS, PIRLS -4 сынып; ОЖСБ-4 пен 9 сынып- сынымалар мен зерттеулерге дайындау

11. Дарынды оқушылар арасында «Ұшқыр ой жәрмеңкесі» атты байқаулар өткізу  

12. Дарынды оқушылардың әр оқу пәні бойынша білім сапасын мониторигілеу

13. Мектеп сайтында «Дарынды бала» ақпараттық орта құру (2020 ж) 

         14. Дарынды баланың ата-анасымен психолого-педагогикалық кеңес жүргізіп туру


5-мақсат. Материалды-техникалық ресурсты нығайту.


1. Мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіріп туру (үнемі, қаржыландыруына қарай)

2.Цифрлық оқу ресурстар базасын толықтырып, жаңалатып туру- бейнелекциялар, бейнесабақтар, электронды оқулықтар, қосымша оқу-әдістемелік құралдар (жыл сайын)

4. Оқу ресурстарының орталығының каталогын құру ( 2021ж.).

5.  Оқу ресурстарының орталығына материалдарын толықтыратын мұғалімдер санын арттыру (жылына 10-15 материалға)

6. Мұғалімдердің сабақта АКТ қолдануын жетілдіру (2025  жылға дейін 100%.).

7. Мұғалімдердің бейнесабақтарын, онлайн сабақтарын, мастер-кластарын мектеп сайтынажәне  басқа да білім сайттарына жүктеу (үнемі)

 8. «Мекептің әдістемелік сандығы», «Мектептің әдістемелік қауымдастығы», «Үздік идея», «Бұны білген қызық» рубрикаларын ашу

9.  Қашықтықтан оқыту үрдісін дамыту (2020 жылдан)

10. Ата-анаға арналған «Отбасылық тәрбие беру», «Психолог кеңесі», «Мектеп ата-ана үшін» желі арқылы жұмыстарды ұйымдастыру (2020 жылдан бастап)



V.  бАҒДАРЛАМАНЫҢ ІСКЕ АСУЫНАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Мектептің 2020-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасынан күтілетін нәтиже:

  1. Әр оқушыға әлеуметтік мүмкіндіктеріне, денсаулық мүмкіндіктеріне қарамай жалпылама бәріне бірыңғай сапалы білім алуға, интеллектуалды, рухани, физикалық дамуға, болашақта табысты, белгілі мамандықтың сенімді иесі болуға  мүмкіндік туғызу
  2. Жаңартылған білім беру арқылы жаңа технологиялар мен әдістерді қолданып сапалы да жүйелу білім беру
  3. Білім алушыға үш тілді меңгеруге жағдай жасау 

Әр оқушыға дифференциалды түрді  көзқарас қалыптастырып, көңіл бөлу 

  1. Білі алушыларда патриоттық сезім мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, үнемі білімін жетілдіріп рұхани бай, жоғары интеллектуалды тұлға болуын, білімін жетілдіріп нәтижеге , жоғары көрсеткішке жетуга ықпал ету 
  2. Педагог мамандарда өз білімін өзі жетілдіру мәдениетін қалыптастыру, өзіндік жетілдіру, дамыту, бағалау арқылы үнемі заман талабына сай білім саласындағы жаңалықтар мен өзгерістерге қарай қалыптасу 
  3.  Мектепті жоғары бағалану дәрежесіне, оқушыларды жоғары жетістіктеріне қол жеткізу









VI. Тәуекелдерді басқару

Қауіпті болу мүмкіндіктер атауы

 Уақытылы түземеген жағдайда күтілетін нәтиже

Болдырмау жолдары 

1. Білім саласын дамыту  мемлекеттік бағдарламаны толық қамтымау



 . 

 Мемлекеттік бағдарламаны орындамау

 Білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасынан жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты барлық негізгі бөлімдерді толық талқылау мектептің даму жоспарына қамту 

2. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің төмендігі

Білім сапасының төмендеуі, жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуге кедергі жасау


 Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, білімі мен біліктілігін нығайту

3. Ата-ана мен педагогикалық ұжым арасындағы бір де  бір бөлігінің жаңартылған білім беру мазмұнын немесе білім саласын жаңалату жүйесін қолдамау 


Білім саласындағы жаңашылдықтарғы қарсы келу

Ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы, сол тұлғаларды мектептің білім үрдісіне тарту.


4. Мектептің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай болмауы


Алдыға қойған мақсаттарға қол жеткізе алмауы

Құзыретті органдарға сұраныс беру арқылы СТБ нығайту, заман талабына сай жабдықталуын талап ету







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив