"Оқуға құштар мектеп" 13кітап,13ән ,13көркем сөз
13 орта мектеп кітапхана оқу залында «Оқуға құштар мектеп» 13 кітап ,13 ән, 13 көркем сөз-әдеби сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы –Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы енгізілгенін баяндады. «Оқуға құштар мектеп » жобасының мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани – адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, оқу дәстүрін жаңғырту және мектеп оқушыларының интеллектуалды әлеуетін арттыру.Іс-шара 4в,7г сынып оқушылары «Өнегелі ертегілер» , «Шыңғысхан», «Керей мен Жәнібек », «Балалық шаққа саяхат», «Жабайы алма» , «Жусан исі» кітаптарын мазмұны мағналы, берер тәрбиесі мол шығарма екенін ашып айтып берді. Қазбек би, Төле би, Әйтеке бидің шешендік сөздерін балалар жатқа мәнерлеп оқыды. Қобыз , домбыра тартып, ән салып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды