"Қазақ прозасының хас шебері" » №13 орта мектеп
"Almaty region білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№13 жалпы білім беретін мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7277) 307-38-23
bookkeeping:
+7(7277) 307-38-23
Version for
visually impaired
» » » "Қазақ прозасының хас шебері"
23
November
2021

"Қазақ прозасының хас шебері"

Сайын Мұратбеков «Жабайы алма»   (Дөңгелек стол)                                                                                            Іс-шара шымылдығы Сайн Мұратбеков жайлы естелік бейне сюжеттің көрсетілімімен ашылды. Шараның 1-ші бөлімінде оқушылар шығарманы оқу барысында алған әсерлерімен бөлісіп, өздеріне ерекше әсер еткен тұстарына тоқталды. 2-ші бөлімінде кейіпкерлер мен олардың іс-әрекеттеріне баға беріп, мен осы кейіпкердің орнында болғанда қалай істер едім – деген сұраққа жауап іздеді.  Шараның соңында  оқушылар шығарма желісі бойынша жасалған ребустар мен сөзжұмбақтарды шешіп, шығарманың соңын өз ойларымен аяқтап эссе жазып көрдіСайын Мұратбековтың сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттелетін шығармасы – «Жабайы алма» повесі. Жазушының бұл туындысы соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз етеді. Сондай-ақ, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үмітті үзбеуге үндейді. 

Жазушы оқиға барысында Көкінай атты итті образдау арқылы,  соғыс кезіндегі жауға аттанған әр шаңырақтың сағыныш сезімін, төзімін Көкінай образымен адалдық қасиетін қызық та, қатал сюжеттермен сипаттайды. Повестьтің басты кейіпкерлері Қанат, Тоқтар, Нәзира, Әжібектер бейнесінен бір-бірін жеңе алMay келе жатқан махаббат пен зұлымдық, мейірімділік пен жауыздық, адалдық пен надандық cуреттеледі. Екі ғашық Тоқтар мен Нәзираның пәк махаббатын соғыс үзеді. Сүйгені соғысқа аттанған Тоқтардан қара қағаз да келіп үлгереді. Бұл тек сүйгенінен айырылған Нәзираның зары емес, заманның, сұм соғыстың кесірінен екінің бірінің басына түскен қасірет еді. Нәзира қиындықты жеңу арқылы оқуға, артынша соғыстан азат етілген қалаларды қалпына келтіруге көмекке аттанады. Повесте соғыстан жаралы қайтқан Көбегеннің еңбекқорлығы, Петько, Отто, Бәкке, Қанаттардың бір сиырға шөкімдей шөп үшін неге болсын баратыны нанымды бейнеленген.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив