06
November
2020
Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Тамақтану біз ойлайтындай күнделікті, Mayда-шүйде мәселе емес. Ол - тіршіліктің негізі болып саналатын ағзадағы зат алмасудың дұрыс жүруіне, ағзаның ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына, қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Сондықтан, мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Administration пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады.
Мектеп асханасында азық-түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын қадағалау мақсатында ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің медицина қызметкерінің және басқа адамдардың қатысуымен тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады, құрамы 5 адамнан тұрады.Тамақтану үшін сабақ арасындағы 15 минуттық үзілістер ұйымдастырылған.
Әр жарты жылдықта «Ата-ана үнін тыңдау» күні ұйымдастырылады. Жабық түрде сынып буындары бойынша ата-аналардан сауалнамалар алынып тұрады. Ондағы мақсатымыз, беріліп жатқан тамақтың сапасын анықтау. Сондай-ақ, жұмыстың осал тұстарын анықтап, түзету.
Ата-ана, оқушы үнін тыңдау арқылы салауатты ұрпақ тәрбиелеуге, табысты мектепке қол жеткізуге болатынын көруге болады.