Кітаптар мейірімділікке үйретеді
(Кітапханаға саяхат сабағы) Мақсаты: Кітапхана - ғажайып әлем, кітап - ұлы дана ұстаз. Бар әлемді зерттейтін, бізге танытатын, біздің барлық сұрақтарымызға жауап бере алатын кемеңгер ұстаз. Жер бетіндегі сансыз әлем туралы, ғарыш ғажаптары туралы толық мағлұмат беретін ол кітап. Мектеп табалдырығын аттаған жас ұрпаққа білім ұшы-қиыры жоқ теңіз, ал жас ұрпақ оқушы кеме сол білім дариясын кезіп ізденуші. Білімге құмарлықтарын арттыру, қызығушылықтарын ояту. Кітапханаға барып кітап оқуға деген дағдыларын қалыптастыру.
Барысы: Балалар кітапханасымен таныстыру, Тұздыбастау ауылы №13 ЖББ орта мектеп кітапханасына саяхат жасау. Мектеп табалдырығын жана аттаған бірінші сынып оқушыларының алғашқы қадамы кітапханадан басталуы жан-жақты дамыған, ізденімпаз, жаңашылдыққа жаны құмар ұрпақ тәрбиелеу