10
March
2022
"Ілияс-лирик ақын"
Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы №13 орта мектеп кітапхана оқу залында «Ілияс – лирик ақын» атты Ілияс оқулары өтті. Мақсаты: қазақ әдебиетінің талантты ақыны Ілияс Жансүгіровтің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту. Ілияс шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады. Қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті - оның шығармаларының алтын арқауы.