"Қазақ халқының қаһарман перзенті- Бауыржан Момышұлы"
Талғар ауылы, Тұздыбастау ауылы №13 орта мектеп кітапхана оқу залында , Даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бауыржан Момышұлының туған күніне 110-жыл тоуына орай кітапханашы «Ұшқан ұя» , «Ақиқат пен аңыз» , «Бауржан батыр» , «Ұмытылмас күндер » кітаптарына шолу жасалып, нақыл сөздерінің тәрбиелік мәніне тоқталып өтті Отаншылдық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отанының мүддесін ойлауы, өз елінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан етуі, өз Отанының бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғауы, ата-бабалардың салған тарихына құрметпен қарауы, өз өмірін туған елінің гүлденуіне арнауы – бұлардың барлығы да Қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды.
Бауыржан Момышұлының өмірі – өнеге, жазған мұралары – патриоттық өсиет. Өнегелігі сол, ол – елі мен туған жерін нағыз сүйген, оған қашан да адал қызмет еткен, сын сағатта Отанын жан аяMay қорғаған және қол бастап, жауды жеңуге ерен үлес қосқан ер. «Патриотизм – Отанға, елге деген махаббат!», «Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз»,- деген Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері ұрпақ үшін өнеге. Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерін насихаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу
